Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қақаған суықта подъезді паналаған азамат: “Құжатымды алып алды…”

Натальяның айтуынша, ер адам 2 ай бойы жалақысын ала алмағандықтан пәтерақысын да уақытында төлей алмаған. Сол далада қалған көрінеді.

Жарияланған жазбадан соң Қазақстанның әр түкпірінен, тіпті Ресей мен Түркиядан қайырымды жандар хабарласа бастаған.

«Төлеген 26-қаңтардан бастап жылы пәтерде тұрып жатыр. Ішінде диван, асүй бар. Жылы киім мен ұялы телефон ертең жеткізіледі. Ер адам пәтер ақысын төлей алмаған соң құжаттарын ерікті түрде үй иесіне берген. Қазір үй иесін іздестіріп жатырмыз. Егер таппасақ, құжат жоғалту туралы арыз түсіреміз», – деді алматылық келіншек.

Төлеген подьезде тұрып жатқанда баспалдақтан құлап жарақат алған.

«Төлегенге 6 жыл бойы бірге жұмыс жасаған Сергей есімді азамат көмектеспек болды. Алайда екі күн бұрын баспалдақтан құлап қалғандықтан, ол әлі жұмыс жасауға қауқарсыз. Бірінші ол травматологта қаралады», – деді Наталья.

Төлеген Алматыға бірнеше ай бұрын Тараздан келген. Оның отбасында қартайған әкесі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Жары қайтыс болған соң ер адам Алматыға нәпақа іздеп келген. Қалада басында құрылыста, кейін аула сыпырушы болып күн көрген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз