Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
14
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

“Қайтем енді?..”. Әжесін ақтық сапарға шығарып салған Жігер Ауыпбаев елді жылатты (видео)

486


Асығуымның себебі,әулетіміздің қазынасы,атам Әуіпбайдан бері салынған тариxи жолды көзімен көріп, құлағымен естіп, бойына сіңірген тірі шежіре, асыл әжемнің біз үшін сандығына сары майдай сақтап қойған сарқыттарынан ауыз тиіп,жайлаудай жайылған етегіне бір аунап сағынышымды басу еді.

Бірақ әр барған сайын әжемнің жүзінен “шебер тағдырдың” ойып тұрып салған жаңа әжімдерін көріп көңілім құлазитын.

https://kaz.365info.kz/kozime-zhas-tolyp-zhiger-auypbaev-kishi-khazhylykhtan-kelgen-azhesinin-ayagyn-syjdi-video-317085


Ауылдан қайтарда әжем батасын беріп,

-“Менің қанша уақытым қалды дейсің,анау өмірге қол көтеріп тұрмын ғой. Сен келесі келемін дегенше мен бармын ба? Жоқпын ба? бір Құдай біледі. Аман бол қарағым.”-деп көзіне жас алып дарбазаның сыртына дейін қимай-қимай шығарып салатын.

 

 

https://kaz.365info.kz/zhurnalister-kinali-eken-zhiger-auypbaev-tyrkiyadan-video-yndeu-zholdady-258265

Бұл жолы қара xалық болып көзімізге еріксіз жас алып асыл әжемізді,ҚАЖЫ әжемізді қимай-қимай мәңгілік өмірге шығарып салдық .

Әрине,өте қиын…Әрі қимастық сезім… Бірақ ақылға салып қарасақ мәңгілік өмір “бұл дүние” емес “арғы дүние” ғой.Бәріміз сол жаққа қайтарыламыз…” деп әнші қайғысымен бөлісіпті.

View this post on Instagram

Қайырлы таң АДАМЗАТ! Қайырлы таң достар! Жұма мүбәрәк болсын! Адам өз өмірін алға ниет етіп,арман-мақсат қою арқылы ғана гүлдендіре алады. Менің алға қойған армандарымның бір бөлшегі әжемді,ата-анамды,бауырларымды шамамның жеткенінше қасиетті болған Мекке мен Мәдинәға Жаратқанның алдындағы қажылық парыздарын өтеп келуге жіберу еді. Әр-бір перзент өз ата-анасының,бауырларының ақыреті үшін алаңдауы керек. Әжемді қасиетті болған мекенге жіберер кезде анам: -Балам,әжеңді Меккеге жіберер болсаң мені де бірге жібер. Менің де САУАП алғым келеді-деп айтқанда қатты қуанып кеттім. Сөйтіп Алланың қалауымен үлкен сапарға барып қайтты. Видеода анам мен әжем ұмра (кіші қажылық) сапарынан келген кезі. Жалпы үлкен кісілерге мұндай ұзақ жол ауырлық келтіруі мүмкін. Бірақ Жаратқанға деген маxаббаттың бүкіл нәрсені жеңіп кетуі де сөзсіз. Әжем мен анам сапарға кеткеннен бастап қатты алаңдадым.Себебі 92 жастағы қарт әже үшін ұзақ жолда көп нәрселер болуы әбден мүмкін еді. Алланың қалауымен жеңіл барып жеңіл келді. Келісімен анамнан "әжең 3 мәрте яғни: 1-өзі үшін,2-анасының атынан,3-әкесінің атынан ұмра қажылығын жасады" дегенде көзіме жас толып кетті. Әрине мен үшін бұл баға жетпес бақыт еді. 92 жылдан кейін құран түскен,пайғамбарлардың табаны тиген жерге барып құлшылығын өтеп келген аяқты сүймегенде қайтемін?! Қарты бар үйдің-қазынасы бар-дейді атам қазақ. Әжем мамыр айының 5-күні 93 жасқа толды. Бұйырса 100 жасын көруді Алла нәсіп қылғай. Қазыналарымыз аман болсын. Жұма мүбәрәк болсын! @dostyk.travel #менің_әжем

A post shared by J I G E R A U Y P B A E V (@jiger_auypbaev_official) on

 

https://kaz.365info.kz/nege-solaj-zhiger-auypbaev-salafit-pe-255907

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз