Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қайрат Нұртастың әйелі ұлының денсаулығы туралы: “Жедел жәрдем шақырдық”

1211

Оның айтуынша, үлкен ұлының денсаулығы нашарлаған.

Бірнеше күн бойы желіде көрінбеген актриса үлкен ұлының ауруханаға түскенін хабарлады. Әбдукәрімованың айтуынша, біраз уақыт бұрын жүрегіне ота жасалған Нарұл қайта жүрегі ауыратынына шағымданған.

“Ұлымның жүрегі аяқасты қайтадан шаншып, жедел жәрдем шақырдық. Осыдан үш жыл бұрын ауыр отадан өткен. Ол кезде ол небәрі жеті жаста еді. Біз дереу жедел жәрдем шақырып, оны 1 қалалық ауруханаға жатқыздық.

Содан кейін Кардиохирургия орталығына ауыстырды. Мұнда дәрігерлер оның медициналық тарихын біледі және осында ота жасалған болатын. Мұқият тексеруден кейін дәрігерлер консилиум өткізіп, одан әрі емдеуді тағайындайды. Бәрі жақсы болады деген үміт пен сенім бар.

Ең бастысы, оны операциясыз емдеуге болатындығын естігім келеді. Алла жәрдемші болсыншы, жаным”, – деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдукәрімова ұлының денсаулығына алаңдап, шипа тілеген баршаға алғысын білдірді.

“Құдай ниетіңе қарай береді дейді ғой. Қазақтың ниеті де, көңілі де қандай кең еді. Нарұлдың ауруханаға жатқанын естіп, 1 сағаттың ішінде қаншама жылы тілек, дұға келіп жатыр. Өмірде көрмеген, таныс емес жандар жылап, уайымдап жазып жатыр. Тіпті, “ертең ауруханаға барамыз” деп жазып жатқандар қаншама.

Алла ниеттеріңізге еселеп берсін. Ешқайда барудың қажеті жоқ, карантин кезінде өзімізді де кіргізбей жатыр. Сондықтан бізге дұғаларыңыздан асқан қолдау жоқ. Алла ешбір ананы баламен сынамасын. Жақсы күндерде жолығайық”, – деп алғыс білдірді актриса.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз