Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Қайғылы сүндет той: Бір жасар сәбиді сүндеттеген ата-ана ұлынан айырылып қалды

Сол күні келіншек бір жамандықты сезгендей болған. Сондықтан күйеуінен тағы бір екі-үш жыл күте тұруды сұрады. Алайда ол келіншегіне басу айтып, оның қобалжыған жүрегін орнына түсірген.

«Сол түні нашар түс көрдім. Ішкі түйсігіме назар аудармағаным үшін әлі өкінемін. Ана жүрегі қауіп-қатерді алдын ала сезіп тұрады ғой”, – дейді ол.

Алайда келіншектің күйеуі бой бермей, үшеуінің де міндетінен бір күнде құтылып алмақ болған.

Сөйтіп, бүлдіршіндердің үшеуін сүндеттеген.

“Үлкендері қуанып, сыйлықтарына көрсетіп, мәз болды. Бір жасар ұлым басында мазасызданды. Кейіннен ақырындап сола бастады. Бастапқыда ол жай ғана еркелікпен жылап жатыр деп ойладым. Алайда аз уақыттың ішінде ол жүріп кетті. Қолымда кетті. Мұның бәрін еске түсіру оңай емес”, – деген анасы бұл іске дәрігерді де кінәлай алмайтынын айтты. Себебі қолында сүндеттегені туралы құжат жоқ.

“Ақсай” емханасының балалар дәрігері Еркін Бақтиярұлы Салаевтың айтуынша, баланы үй жағдайында сүндеттемеген жөн.

“Балалар хирургы ғана сүндеттеу керек. Көп жағдайда сүндеттелгеннен соң қан кетіп, түрлі ауытқулар орын алуы мүмкін.

Көп жағдайда үйде сүндеттейтіндер кәсіби мамандар болмайды. Ата-анасы сүндеттеген соң баласының жағдайы нашарлай түссе, оған хабарласа алмай әлек болады. Себебі ол трубкасын алмауы мүмкін”, – дейді дәрігер.

Сонымен бірге ол баласының болашағына бей-жай қарамайтын ата-аналарға сүндеттемес бұрын балалар дәрігеріне көрсетіп, түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алуға кеңес береді.

«Ота жасамас бұрын тексерістен өту керек. Себебі сүндеттеуге болмайтын жағдайлар да аз  емес. Мәселен, несеп шығару каналының ақауы, қан жүйесі аурулары. Мұндай жағдайларда сүндеттеуге тыйым салынады”, – дейді ол.

Ал кейбір балалар тіпті сүндеттелген соң түрлі психологиялық қиындықтарға да тап болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз