Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
455
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.56
0.00

Қайғыдан кейінгі қуаныш: үш баласынан айырылған ана 51 жасында қыз босанды

Қыз балаға Ария деген ат қойылды. Бұл есімді әкесі таңдаған. Күмісайдың айтуынша, ол 51 жасында бала көтеріп, босана аламын деп ойламаған. Дегенмен дәрігерлер мен жақындарының қолдауымен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасынан өтуге бел буған.

Әйелдің айтуынша, ол өміріне жаңа тірек пен бос қалған шаңырағына үміт сыйлау үшін ЭКО жасатуға шешім қабылдаған. Бастан өткен қайғылы оқиғадан кейін клиника сыйға тартқан сертификаттың арқасында ерлі-зайыпты процедурадан тегін өткен. Биыл қыркүйек айында отбасы 13 жастағы баланы да асырап алған.

Еске салайық, қайғылы оқиға бір жыл бұрын Мұнайлы ауданына қарасты «Қаламқас» тұрғын алабында болған. Иіс газынан уланып, ерлі-зайыптының үш баласы көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз