28 жастағы келінін өлтіргені үшін істі болған 51 жастағы Асылбек Омаров өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Алайда сот отырысында ол да, оның туыстары да сол күні орын алған жағдай туралы жақ ашпады.
Бұл туралы «Уральская неделья» басылымы хабарлайды.
Сот отырысы барысында Омаров жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтеп беруден бас тартты.
Іс материалдары бойынша, 8 сәуірде таңертең Ақерке Қозекешова өзінің бұрынғы күйеуі Саят Қозекешовпен және кішкентай ұлымен кездесу үшін, ата-енесінің үйіне келген. Ол кезде Ақеркенің 2 жасар ұлы Оралда, бұрынғы күйеуінің ата-анасының қолында болған.
https://kaz.365info.kz/osylaj-khyrady-eken-zamira-tikelej-efirde-korsetpejtindi-korsetti-video-324908
«Ақерке Қозекешова бұрынғы күйеуінің үйіне таксимен келген. Үйдің ауласында Ақерке Қозекешова мен оның бұрынғы күйеуі Саят, қайын атасы Омаровтың арасында жанжал туындаған. Өз кезегінде Ақерке бұрынғы күйеуі мен қайын атасына кемсітетін сөздер айтады. Алайда мұнан кейін Ақерке, оның бұрынғы күйеуі мен ұлы таксиге отырып, жалдамалы пәтерге кеткен.
Сотталушы Асылбек Омаров жолай такси ұстап, ұлы мен бұрынғы келіні отырған көліктің артынан жүрген.
Тиісті жерге келгеннен кейін, Омаров бірінші подъезге кіріп, ұлы мен бұрынғы келіні болған пәтерді іздей бастаған. Ол Ақерке мен Саяттың даусын естіп, 5-қабаттағы пәтерді табады.
Омаров ұлы мен немересінің кеткенін күтіп, келінімен сөйлесу үшін пәтердің есігін қағады. Ақерке пәтерде бұрынғы қайын атасын кемсіте бастаған. Осы кезде Ақеркені жұдырығымен бетінен ұрып жібереді. Бұрынғы келіні құлап қалғаннан кейін Омаров оны ұрып, тепкілей бастаған.
Мұнан соң шалбардың бауын алып, онымен бұрынғы келінін буындырған.
https://kaz.365info.kz/denis-khazasy-khajtalandy-akhtauda-kvn-ojynshysyn-pyshakhtap-ketti-324761
Артынша асүйден пышақ алып, Ақеркені кеудесінен пышақтаған. Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, келіншек жүрек тұсынан алған пышақ жарақатының салдарынан көз жұмған», – дейді прокурор.
Марқұмның анасы Бибігүл Ермұханованың сөзінше, қызының денесінде көптеген ісік, жарақат болған.
«Беті адам танымастай болды. Қабырғалары сынған. Кеудесі жарақаттанған. Мұның бәрін Асылбектің бір өзі жасағанына сенбейміз. Менің ойымша, қызымды бұрынғы күйеуі әкесімен бірге өлтірген. Ал Саятты полиция іздестіріп жатқанда, ол денесіндегі қанның іздерін жуып тастаған. Қызым өлгеннен кейін, Саят 10 күнге жоғалып кетті», – дейді анасы көз жасына ерік беріп.