Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Бақырып-шақырып…”. Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсерінің басы дауға қалды

137

https://kaz.365info.kz/sanyna-kholyn-zhygirtip-nyrbolat-abdullinnin-zhana-bejnebayany-zhyrtkha-zhakhpaj-khaldy-video-334501

Үлкен іс-шарадан көңілі қалып қайтқан журналист Алпамыс Шәрімовтен дәл сондай әрекет күтпегенін айтты. Ол залда операторлармен бірге жүрген сәтте Алпамыстың арқасынан қағып, “бұл жерден кет” деп айтқанын жазған. Продюсердің бұл қылығына мән бермеген Динара кеш қонағынан сұхбат алып тұрған сәтте Шәрімовтің тағы да бес рет арқасынан ұрып, “Бұл жерден кет!” деп айқалағанын жеткізіпті.

“Ол менің арқамнан қағып жіберді. Қатты ауырған соң мен “Ұрғаныңыз не?” деп жауап бердім. Ал Алпамыс “Ұрамын, ұрамын! Көзіңді құрт бұл жерден” деп еріктілерді шақырып, мені есік жаққа апарып тастауды сұрады. Осылайша, олар мені кері апарып тастады”,  – дейді Кіндербаева.

Журналист біраздан соң бұл әрекетті “Ақжайық” арнасының тілшісі Ержан Өтепқалиевке де қайталап жатқанын байқапты.

«Талтайып…». Ерке Есмаханның ыңғайсыз суреті желіні шулатты

“Алпамыс оған: “Сен кімсің? Шық бұл жерден!” деп айғайлап жатқанда, Ержан оған: “Ал, сен адамдарға бұлай қарым-қатынас жасайтын кімсің?” деп жауап берді. Сол кезде Алпамыс: “Мен? Мен бәрінің иесімін! Мен осы балдың иесімін!” деп айғайлайды. Шыдай алмаған соң, мен: “Неге өзіңізді дұрыс ұстамайсыз? Бізбен адам сияқты неге сөйлеспейсіз?” деп сұрағанымда, ол: “Мен сені шақырмадым. Кімсің сен? Бұл жерден кет дедім ғой. Оңбаған екенсіңдер!” деген жауап қайтарды”, – деп жазған тілші жазбасында Facebook парақшасында.

Сәлден соң ұйымдастырушыны әріптесі Қарлығыш сабырға шақырыпты. Ол тілшілерден кешірім сұрап, Алпамыстың қатты уайымдап жүргенін, ал кей тілшілердің кейбірі дресс-код киіп келмегендерін алға тартыпты.

Жергілікті агенттіктің тілшісі “Ұлттық арнаның” журналистері кеш соңына дейін жүргенін айтып, күйінген.

Ол Алпамыстың адамдарды бөліп-жарып қарағанына ренішін білдірген екен.

Осы мәселеге қатысты Алпамыс Шәрімовке хабарласқан Newtimes.kz сайтының тілшілеріне Алпамыс: “Бұл-провокация. Мен қазір қонақтамын. 2 қазан күні кешке мән-жайды айтамын”, – деп жауап беріпті.

Нұржан Төлендиев (Тука) туралы не білеміз?

Алайда, одан соң продюсер телефон қоңырауларына мүлде жауап бермеген көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз