“Қазақстанға түкіргенім бар” деп тікелей эфирде айтқан ресейлік “Серебро” тобының мүшесі кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ольга Серябкинаның видеожолдауы музыкалық топтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.
“Әрине, бұл түсінбестік болды. Мен жаман ештеңе айтқым келмеді және ешкімді де ренжіткім келген жоқ. Мен сұрақтан қашамын деп байқамай айтып қалдым… Mortal Kombat ойнағандар біледі, ойын өзіне тартып әкетеді де, айналаңда не болып жатқанын елемейсің. Олар сұрақты ойынның қызған тұсында қояды, мен тек сұрақтан бас тартқанымды жеткізгім келді. Ал не айтқанымды түсінген кезде тосылып қалдым. Өйткені мен мұндайды ойламаған да едім. Ренжітіп алған адамдардан шын көңілмен кешірім сұраймын. Бұлай болғанына өкінемін. Мені түсінесіздер деп ойлаймын”, – деді Серябкина.
https://youtu.be/BQltRO7lbDI