Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Кешірімі ескерілмеді. Атырауда оқушы қызды жүкті еткен жігіт сотталды

Сот материалынан мәлім болғандай, жігіт қызбен телефон арқылы танысқан. Ол қыздың жасы небары 15-те екенін біле тұра онымен кездесіп жүрген. Кейін қыз жүкті болып қалады. Дәрігерлерге қаралып жүрген қыздың жасы белгілі болған кезде полиция қылмыстық іс қозғайды. Жігіт жауапкершілікті мойнына алып, қыз кешірім берсе де сот үкімі қатаң болды.

“Сотта жәбірленуші тараптан түскен қылмыстық істі қысқарту туралы өтініш қанағаттандырылмады. Өйткені, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы “Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату” бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасағандар татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды”, — дейді Индер ауданы прокуратурасының аға прокуроры Баубек Әділғалиев.

Сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы, яғни “Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау” бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз