Айсарованың қорғаушысы болса, сот шығарған шешіммен келісеміз дейді. 

 Айтуына қарағанда, әуелде қыздың сөзіне ешкім сенбеген. 5 ай бойы полицияның табалдырығын тоздырған. 

“Істің бейбіт түрде шешілгені дұрыс болды. Әрине, оны соттатып жіберуге де болар еді. Бірақ бұдан не пайда? Ол ақыр да амнистиямен босап шығар еді” дейді қыздың қорғаушысы.

Айта кетелік, 33 жасар Аида Айсарова жігітімен керісіп қалып, талып қалады. Таныстары оның есін кіргізіп, таксиге отырғызып жіберген. Бірақ, жолда тағы да есінен айырылады. Таксист өз кезегінде осы сәтті пайдаланып қалған. Зорлап тастаған. Қыз болса ауыр дене жарақатын алған. Сол оқиғадан кейін қатты шошынып қалған.

10603711_685466441523181_1758326243119889819_n

Сурет Аида Айсарованың Фейсбуктегі паракшасынан алынды