Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кері бармау керек еді. Almaty Towers-тегі өрт туралы тың мәлімет белгілі болды

Оның айтуынша, ғимаратта шамамен 30 адам болған. Оның ішінде қосымша көмектесуге келген студенттер де бар. Өрт басталған кезде олардың басым бөлігі апат кезінде шығатын қосалқы есікке қарай лап қойған. Ал қалғандары өз күштерімен өртті сөндірмек болған, бірақ қызыл жалын тез тарап, күшейіп кеткен.

Дәурен Тұяқовтың айтуынша, 6 адам терезеден секірген. Бірақ көмектесуге келген отрядтың бес жігіті неге екені белгісіз басқа жаққа қарай тұра жөнелген. Пайымдауымызша, қалып кеткен заттарына оралмақ болған.

Еске сала кетелік, Алматыда ірі бизнес кешені ғимараты 6-қарашада алапат өртке оранды. Сол күні Алматы төтенше жағдайлар департаменті 54 жастағы дәнекерлеушінің мерт болғаны туралы хабарлады. Келесі күні өрт үйіндісі астынан тағы бес адамның денесі табылған. Өрт фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз