Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Кенжеғали Сағадиев: “Жерді Қазақстан азаматтарына сатуға болады”

Бұдан бөлек, жеке меншiкке берiлетiн жерлер екiншi рет сатылмауы керек. Жеке меншiк иесi оны басқа адамға жалға да бере алмайды. Егер жер иесi әр түрлi жағдаймен жердi пайдалана алмаса, оны мемлекет меншiгiне өткiзедi.

«Жердiң құнарлығын, дұрыс пайдалануын, осы саладағы экологиялық мәселенi бақылайтын, соған мониторинг жасайтын бiр инспекция түбегейлi және пәрмендi түрде қайта құрылып, тиянақты заңдастыру қажет.  Сонымен бiрге, қазақ жерiн жемқорлыққа айналдырған жағдайлармен табанды күрес ашуымыз керек»

– дедi комиссия мүшесi.

К.Сағадиев жергiлiктi басқару жүйесiн тиянақты ұйымдастыруды ұсынды. Сонда ғана жердiң иесiн табамыз дейдi ол.

«Ауылда өзiн-өзi басқарып отырған ұжым жердi бұрмалауға жол бермейдi. Бұған қоса, ауылға жұмысқа келген жас мамандар бiрнеше жыл еңбектен соң, оларға жердi тегiн беру қажет. Олар сол жерде қалуы керек», – дейдi ол.

Комиссия мүшесiнiң айтуынша, елдiң келешегi ауыл шаруашылығы кооперативтерiне байланысты.  Кооперативке өз пайымен, мүлкiмен немесе өз қаржысымен кiрген  азаматтарға жеңiлдiк жасап, демеу берген абзал.

«Үмiткерлерге сатылатын жер көлемi заңдастырылуы керек. Сатып алған 1,3 млн гектар жер бар ғой. Сондағы жер иелерiнiң алған жер көлемi бiз ұйғарған мөлшерден артық болса, соларды қайтарып алуға тiкелей шаралар қолдануымыз керек», – деп қорытты сөз соңын К.Сағадиев.

Естеріңізге сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссияның алтыншы көшпелі отырысы Қызылорда облысында өтіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз