Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кентауда жаңа кен байыту кешені бой көтермек

Болат Шәріпхан мырза Кентау қаласында қараусыз қалған ескі зауыт ғимаратын жеке қаражатына сатып алып, сол жерді өндіріс орнына айналдыруды қолға алмақ болған. ОҚО кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен бұл жобаның инвесторлары да тез табылса керек.

Жаңа «Кентау полиметалл» ЖШС алдағы уақытта еліміздің «Қазақмыс» және «Қазцинк» алпауыттарына арнап мыс пен алтын қоспасын дайындаумен айналысатын болады.

Кәсіпорынның 96,67 пайыз  капиталы ҚХР азаматы Цай Дэцзюньге тиесілі. Қалған 3,33 пайызы  қазақстандық Шәріпхан Болатовтың меншігінде.

Кен байыту кешені жылына 65000 тонна, тәуілігіне 200 тонна дайын өнім шығармақ.  Цехта жуық арада техникалық талаптарға сай келетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Кен байыту кешенінің негізгі бағыты: ұсақтау, қалқыту (флотация), топтау (концентрация), сүзгілеу және қалдықтарды қалдыққоймаға тікелей жеткізу болып табылады, деп хабарлайды ОҚО кәсіпкерлер палатасы.

Шикізатты Батыс Қазақстанда орналасқан «Юбилейный» ЖШС алтын кен орнынан тасымалдайды. Аталмыш кәсіпорын жылына 600 мың тонна кен өндіруге қауқарлы. Ал, «Хоргос Джункэй Трэйд» ЖШС бұл кен шығару орнымен ұзақ мерзімдегі келісім шарт жасасқан.

Кен байыту ісін қолға алған  жаңа зауытта бүгінде 100 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 89-ы өндірісте еңбек етсе, қалған 11 әкімшілік қызметтер атқарады.

Кентау қаласының әкімі, «Кентау Полиметалл»  ЖШС және ОҚО Кәсіпкерлер палатасы  үш жақты Меморандумға қол қойды. Меморандумға қатысушы тараптар қолға алынған жаңа жоба жемісті болады деп сенеді.
Шымкент қаласында орналасқан еліміздің ең ірі мұнай өңдеу зауыты да қытайлықтардың меншігінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз