Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Кемпірім құтырып алды…”. Шымкентте қаңғырып қалған қария өз үйіне кіре алмай жүр

Арақ ішпеймін, бұрын бір имамнан діни дәріс алғанмын, сондықтан таза жүріп-тұрамын.

Қатты күйзеліп, қиналамын, бірақ өзіме қол салу сияқты жаман ойға ешқашан барған емеспін”, – деп жалғастырды ақсақал.

 

https://kaz.365info.kz/ylymdy-ozime-kharsy-khojyp-akhtauda-kelinin-sabagan-ene-sottan-bir-akh-shykhty-316604

Зейнеткер мүгедек болғасын үй-ішіне керек болмай қалғанын айтуда.

“Кезінде асырап-баққанымда керек едім, қазір мүгедекпін, соны көтере алмады-ау. Әйтеуір соңғы кездері қатты өзгерді. “Тапқаның менің бір салонға кіріп-

шыққаныма жетпейді” дейтін болды. Заңды түрде ажырасып кеткенбіз”, – дейді қария.

Ақсақалдың сөзіне сенсек, ол осыдан бірер жыл бұрын әйелі мен балаларының ақылдасып, өзінің атындағы үйді кепілге қойып, банктен бірнеше мың доллар несие алғанын біліпті. Содан арада дау туындайды.

 

https://kaz.365info.kz/khylynym-au-khalbalakhtagan-anasyn-shoshytkhan-zhigittin-videosy-zhelide-khyzu-talkhylanuda-315412

Оның соңы бір-бірін сотқа сүйрелеуге ұласыпты. Ақырында әйелі мен балалары үйді иемденіп, мұның үлесіне тиетін бөлігі орнына бір бөлмелі пәтер әперетін болыпты. Соттың осындай шешім шығарғанына қария наразы.

“Бұл заңсыз шешімді бұзғызуға әрекеттеніп жүрмін, бірақ одан нәтиже шығар емес.

Әйелім “Енді қайда барсаң онда бар, сот біздің жақта” деп жүр. Негізі үй менің атымда ғой, оны сатып жіберуге құқым бар. Енді оны сатып, әйел мен балалардың үлесін беріп тыныш тапсам деп те ойланып жүрмін”, – дейді ол кісі.

Қария жалғыз қалғанына күйінуде.

“Арамызда екі ұл бала өмірге келді. Оларды тәрбиелеп өсірдік, үйлендірдік. Әйелім де менің арқамда не ішемін, не жеймін демей жақсы өмір сүрді, қалаған жұмысына тұрды. Жап-жақсы отбасы болған сияқты едік. Ойламаған жерден тағдырымда осындай бұрылыс орын алды.

Қартай­ған шағымда жалғыз қалдым», – дейді қария.

Ақсақал әйелі балаларын оған қарсы қойып отырғанына сенімді.

 

https://kaz.365info.kz/dimashtaj-bala-tarbielegen-ajtbaevtar-merejli-otbasy-bajkhauynyn-zhenimpazy-atandy-316562

“Мәселенің бәрі әйелімде болып тұр ғой. Бәрін істеп жүрген сол. Балаларды маған қарсы қойған. Олар не істей алады? Соттасып, біраз тартыстық, осыдан кейін қайтіп бір-бірімізге іш жылиды?

Үлкенім пәтер жалдап бірге тұрайық деген, оған келісер-келіс­песімді де білмеймін. Олардың үйді сатып, маған тиесілі бөлігіне бір бөлмелі пәтер әпереміз дегеніне де біраз болған. Оның уақыты да өтіп кетті. Әйтеуір ит тірлік.

Әйеліммен татуласа аламыз деп ойламаймын. Оның істегенінен шошып қалдым, оған мүлде сенбеймін. Арамыз онсыз да қатты суып кетті. Заңды түрде ажырасқанымыздың өзіне бірнеше жыл болды ғой. Енді өткен қайтып келмейді”, – дейді ол.

Дерек көз:Nur.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз