Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кемеров облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

122

“Осы қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамның жазаланатынын мәлімдеймін. Осы жағдайға тап болған адамдардан кешірім сұраймын. Олардың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын”, – деді Цивилев митингте.

Видео Telegram мессенджерінде пайда болды. © Telegram / Varlamov News

Осыған дейін Кемеровтегі “Зимняя вишня” сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.

Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан “Зимняя вишня” сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

“Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды”, – деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

 

 

 

https://youtu.be/P_ecrw4Ls7A

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз