Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

“Келіспеймін!”. Сиви Махмуди өліспей беріспейтін сияқты

134

«Дегенмен, құзыретті орган сыртымыздан тон пішті», — дейді әншінің өкілдері. Айтуларынша, сот отырысы белгілініп, істің қаралатыны ескертілмеген көрінеді. Шешімді әнші де, оның отбасы да БАҚ беттерінен оқып білген. Есесіне, дауылдың қайдан соққанын анық біліп отыр. Сиви Махмуди киім сататын дүкенін, лаундж-барға айналдырған тұстан бері жанжалдасып келе жатқан көрішісі, арыз жазған болуы керек деп топшалайды. Себебі, Лариса есімді қоңсысы мейрамханадан шыққан тамақ пен темекінің иісі қолқаны қабады деп тиісті орындарға бұған дейін де шағымданған екен. Келген қонақтар дабыра салып, тыныштығымызды бұзды деген де айып таққан.

Абай Бекжұманов, лаундж-бар басқарушысы:
– Бүкіл стенада шумоизолияция орнатылған. Мысалы мына жердің өзінде. Жақында ғана жасадық. Вентиляция бәрі бар.

Мұндай әрекеттің бәрін бізден қаржы өндіріп алу мақсатында, жасап отыр дейді әншінің өкілдері.

Абай Бекжұманов, лаундж-бар басқарушысы:
– Жұмыс жасайды екен журналист болып өзі. Көп мекемелерге заявление жаза бастады. Бізден ақша требовать етті. 60 мың доллардай. Біз оны береміз деп жүрген кезде, ол құнығып кетті де, 100 мың доллар сұрады бізден. Үй алып бересіңдер деді. Басқа жақсы жерден, келісіп едік өзі көбірек ақша сұрады.

Ларисаны іздеп барғанымызбен, үйінен таба алмадық. Оның айыптауларының қаншалықты рас екеніне көз жеткізбек ниетте өзге көршілердің есігін қаққан едік.

Гүлзада апай:
– Иіс те жоқ, шум да жоқ. Милиция да келіп сұраған. Мен жоқ нәрсені бар деп қалай айтамын. Маған ешқандай кедергі келтіріп отырған жоқ. Менің қабырғам мінекей жалғасып жатыр.

Шымкентке сапарлатып кеткен Сиви Махмуди, ертең қалаға орала салысымен заңгерлерімен кеңесіп, аппеляциялық шағым түсіруге құлықты, дейді қол астындағы қызметкерлері. Себебі, сот шешімін орындап, олар ғимараттың заңсыз қосып алған бөлігін қиратуға келіспей отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз