Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Келінінен өш алу үшін немересін өлтірген кейуана ұсталды

147

Хатлон облыстық сотының шешімімен Ходжарой Ашурова бас бостандығынан айырылды. Ендігі ол 18 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.

Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.

Оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында орын алған. Кейуана 3 жасар немересін жерге тірідей көміп тастаған. Бүлдіршіннің мүрдесі арада 6 күн өткен соң табылды.

Белгілі болғандай, ол мұндай әрекетке бір кездері келінімен арадағы араздық үшін барған. Осылайша, ол өшін туған немересінен алған.

Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья Ашурованы 18 жылға қамау туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз