Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Келесі жылдан бастап дәрігерлер үшін жаңа талап күшіне енеді

Ал келесі жылдан бастап интернатураны аяқтаған дәрігерлер заң бойынша мемлекет жіберген жұмыс орындарына барып, үш жыл қызмет ететін болады”, — деді министр мәжілісте денсаулық сақтау мәселелері туралы заң жобасын таныстыру барысында.

Екіншіден, Біртановтың айтуынша, өткен жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға медициналық білім беру ұйымдары негізінде жергілікті бюджеттен грант бөлу арқылы оқыту мүмкіндігі берілген.

“Соның арқасында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әкімдік гранттарымен оқып жатан студенттер саны екі есеге көбейді. Келешекте оқуын аяқтаған дәрігерлер өз облыстарына барып, жұмыс істейтін болады”, — деді ол.

Министр ауыл медицинасын тиісті деңгейде қаржыландыру мәселесіне де көңіл бөлініп отырғанын айтты.

“Осыған байланысты біз биыл бір адам үшін алғашқы медициналық көмек тарифін көтердік. Қазіргі таңда кейбір өңірлерде жедел жәрдем тарифін көтеруге мүмкіндік беретін бұйрық әзірленіп жатыр”, — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол транспорттық медицина мен санитарлық авиация дамытылып жатқанын атап өтті.

“Өздеріңіз байқап отырғандай, жыл сайын санитарлық авиацияға жұмсалған қаржының мөлшері өсіп жатыр. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қажет болғанда, ауыл тұрғындарын қалаларға немесе рспубликалық маңызы бар Астана, Алматыға әкелуге мүмкіндік бар”, — деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз