Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кекшіл еркек бұрынғы әйелінің суреті мен нөмірін интим қызмет сайтына орналастырып қойыпты

122

Өзімен бұрын бірге тұрған еркекті әйел: „Мені қаралады, жала жауып, ар-намысыма тиді, қорлайтын жалған мәліметтер таратты, Интернетке салды„ деп айыптады.

Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының үкіміне қарағанда, 2015 жылдың 4-14 қазан аралығында Анатолий Костенко кек алу мақсатында танысу сайттарының біріндегі “Интим қызметтер” бөліміне бұрын бірге тұрған келіншектің суреттерін, ұялы телефон нөмірін орналастырып, сексуалдық сипаттағы қызмет ұсыну бойынша хабарландыру қалдырған.

Хабарландыру қалдыру кезінде тіркелген электрондық поштаның Костенкоға тиесілі екенін оның әріптестері растады.

“Куәгерлердің айғағына қарағанда, бұл пошта адресін олар Костенконың өтініші бойынша ашқан, сол уақытта сотталушы іссапарда жүрген. Ал mail.ru жауабына сәйкес, поштаның иесі – Костенко”, – делінген Алматы қалалық сотының үкімінде.

Бостандық аудандық №2 сотының үкімімен Анатолий Костенко ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабының 2-бөлігі, яғни “Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, жала жабу” бойынша айыпты деп танылып, оған бостандығын екі жылға шектеу және пробациялық бақылау бекітілді.

“Жәбірленушінің азаматтық шағымы ішінара қанағаттандырылды, сотталған Костенкодан 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді, шағымның қалған бөлігіндегі талаптар қанағаттандырылмады”, – делінген соттың үкімінде.

Апелляциялық истанция үкімді өзгіріссіз қалдырды.

“Сот үкімімен келіспеймін. Бірде-бір дәлел жоқ. Барлығы да жанама. Қашықтықтан басқару арқыл жасалған. Менің еш қатысым жоқ. Басқа компьютерден, қайдан екені белгісіз. Кінә дәлелденген жоқ. Бұл электрондық поштаны мен ашқан жоқпын. Пошта ашылған кезде мен қалада болмағанмын. Поштаны менің қызметкерім ашқан. Ол сотта мұны мойындады. Менің атымнан хабарландыру жасаған адамның кім екенін білмеймін. Кез келген адамның атынан ашуға болады. Енді мені айыпты қылып отыр. Біршама уақыт өткен соң шағым түсіремін”, – деді Анатолий Костенко Tengrinews.kz тілшісіне.

Костенконың азаматтық некедегі әйелі мен оның адвокаты пікір білдіруден бас тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз