Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Kaztube жақсы ғой”. Балалар енді Youtube-ке кіре алмайды

Оның сөзіне қарағанда, бұл пакет бүгінде жұмыс істеп тұрған «ата-аналар бақылауы» қызметінен бөлек іске қосылады.

«Бүгінде байланыс операторларымен бірге балаларға, мектеп оқушыларына арналған пакеттерді ұсынуды қарастырудамыз. Онда ақпарат тиісті деңгейде сүзгіден өтеді. Яғни, балалар пакетінде әлеуметтік желілер, Youtube болмауы тиіс деп пайымдаймыз немесе онда алдын ала балалар үшін тазартылған Kaztube қамтылуы тиіс. Бұл ретте жеткіншектерге лайықты білім беру мен ойын ресурстары ескеріледі»,-деді ол.

Айта кетейік, Мәжілісте «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз