Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Католик қазақтар да бар!”. Құлсарыдағы шіркеу басшысы шындығын айтты

398

“Біздің ауданда католик дінін ұстанатын адамдар бар ма?

Не үшін халық өз жеріндегі өзге дін өкілдерінің не істеп, не қойып жатқандығынан хабарсыз болуы керек?

Жақында болып өткен құрбан айтымыздан 2-3 күн бұрын Құлсарыдағы католик шіркеуінің қасына батут құрылып, балаларға тегін балмұздақ үлестіріпті.  Біздің қазекең «әншейін зат» десе арын сататын болған ба, ол жерге 200-ге жуық халық жиналыпты. Бұл ненің құрметі деген сұрақтарға: «Бүгін католик шіркеуінің ашық есік күні» деген жауаптар алыпты.

Бұл қақпанға жасырылған май емес пе? Біздің ермелі қазаққа бұл бір керемет дін болып көрінуі ғажап емес қой”

деген еді автор.

Анығы, мақала Abai.kz-ке тиесілі. Бірақ хат бізге келіпті. Мұны оқыған

Құлсарыдағы Рим-католиктік шіркеуінің аға попы Лукаш Францишек  үнсіз қалғанды жөн көрмей, жазылған жайға жауап қатыпты.

Ол не дейді өзі? Хат ұзын-сонар екен. Ықшамдадық.

Жағамды ұстадым

“Құлсарыдағы католик шіркеуі не былықтырып жатыр?” деген мақаланы оқып таңғалдым. Автордың біздің шіркеуге бірде-бір рет бас сұқпағаны көрініп тұр. Иә, балаларға арнап шағын шара өткізгеніміз рас. Оны неге өткіздік?

Біздің шіркеу түрлі ұлт өкілдерін біріктірген. Олар түрлі тілде сөйлейді. Тамырымыз тереңде жатыр. Қазақстанға кеше келген жоқпыз. Ватикан мен Қазақстанның арасында тығыз дипломатиялық байланыс орнаған. Папаның өзі келген Қазақстанға  2001 жылы.

Құлсарыдағы шіркеудің де өз тарихы бар. Сұраныс болды. Халықтың тарапынан. Ашылды. 2004 жылы. Қажетті құжаттың бәрі қолымда. Тексерем десеңіздер…

Атыраудағы, Құлсарыдағы католиктік сенімдегі қауым әр жексенбі сайын Құдайға құлшылық етуге жиналады. Бұған барлығы қатыса алады. Жұмыс күндері есігіміз айқара ашық. Адамды тегіне, дініне қарай бөлмейміз (Францишек мырза осы арада шіркеудің байланыс нөмірлерін жазып жіберіпті, жариялауды жөн көрмедік).

https://kaz.365info.kz/vahabtar-kobejip-ketedi-dep-khylsarydagy-katolik-shirkeui-ne-bylykhtyryp-zhatyr-279507

Балалаларға арналған шараға келсек, бұл қайырымдылық акциясы болатын. Тұрмыс тауқмыметін тартқан отбасыларға көмек болсын деп өткіздік бұл шараны. Шіркеудің өз ақшасын шығындадық.

Бір жаздың өзінде 180 баланы мектепке қажетті құралдармен жабдықтадық.

Бұл христиан махаббаты. Бұл махаббат адамдарды діни көзқарасына қарай жіктемейді. Кеудесінен итермейді.

Осы арқылы біз балаларға мереке ұйымдастырғымыз келді. Шараны оқу жылы басталдардың алдында ұйымдастырдық. Мақала авторы жазғандай бұл “Католик шіркеуінің ашық есік күндері”  емес. Жалған жазған. Шындыққа сәйкес келмейді.

Шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты. Иә, келем деушілерге есік ашық болды. Балалар жегісі келген затын тегін алды. Шырын қойдық, тәтті вата, попкорн үлестірдік. Ал

автор айтқан балмұздақтар мүлде болған жоқ. Тағы жалған жазған.

Шіркеудің сыртына батут орнаттық. Шара арасында түрлі байқаулар өткіздік. Келушілерге қандай да бір насихат айтып, уағыз жүргізген жоқпыз. Автор бұл арада да жалған жазған.

Қатарымызда да қазақтар да бар

Автордың осыған қатысты айтқан пікірлері арандату. Айтып отырмыз ғой, ешқандай насихат жүргізбедік, уағыз айтпадық. Біреуге өз идеяңды тықпалау біздің ұстанымымызға жат. Сосын мақаладағы кейбір мәтіндер үшін жауапқа тартуға да болады. Таза арандату себебі. Ақпарат құралдарында экстремистік бағыттағы мақала жариялағандар үшін Қылмыстық кодекстің 183-ші бабы бар…

Мақала авторы сөзінің соңын «Балаларыңды өзге дінге, сектаға кіріп кетуінен сақтаныңдар, Жылой халқы!»  деп аяқтапты. Бұл бізді қорлау, дінімізге тіл тигізу! Дінде ұлт болмайды, автор осыны ұмытқан сияқты.

Біздің қатарымызда қазақтар да бар, өйткені…

Құлсарының қазақтары. Құдайға құлшылық еткенде олар қазақша ән айтады.

Иә, солай.

Католик-қазақтар бар. Бұл таңғаларлық дүние емес. Кез-келген адамның көңілі қалаған дінді таңдауы деген жеке құқығы.

Католик-қазақтар кез келген уақытта бұл дінге неге және не себепті өткенін дәлелдеп бере алады.

Бейбітшілік сендермен бірге болсын! Менде жақсы жаңалық бар: Қүдай сендерді сүйеді!»

Құлсарыдағы Рим-католиктік шіркеуінің басшысы Немец Лукаш Францишек сөзінің соңын осылай аяқтапты.

Бұған не дейсіз, оқырман қауым?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз