Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Вахабтар көбейіп кетеді деп…”. Құлсарыдағы католик шіркеуі не былықтырып жатыр?

398

Біз ешкімді жатырқамайтын, қонақжай ел болғанымыз себепті елімізде бой көтерген католик шіркеуі де бар. Бірақ, оның немен айналысып жатқанын ешкім білмейді.

Расында да, біздің Құлсарыға католик шіркеуі қажет пе еді?

Бұл қалай, қашан, не үшін, қандай мұқтаждықпен бой көтергенінен ешкім бейхабар. Мен білетін бұрынғы побы поляк азаматы. Бұлар біздің басшыларға ақпарат беріп отыра ма екен?

https://kaz.365info.kz/tazabekti-jinde-20-uahab-zhinaldy-alym-aza-stan-a-uahabizmdi-kim-kelgenin-ajtty-234507

Бұлар жайлы не үшін осы күнге дейін аудандық «Кең Жылыой», «Құлсары» газеттері белгілі бір мағұлматтар бермеген? Біздің ауданда католик дінін ұстанатын адамдар бар ма? Оны тексеру құзырлы орындардың қайсысына бекітілген?

Не үшін халық өз жеріндегі өзге дін өкілдерінің не істеп не қойып жатқандығынан хабарсыз болуы керек?

Бұл мақаланың жазылу себебі де бар. Жақында болып өткен құрбан айтымыздан 2-3 күн бұрын Құлсарыдағы католик шіркеуінің қасына батут құрылып, балаларға тегін балмұздақ үлестіріпті. Қазір ондай «жомартқол» амалдар сәнге айнала бастады. Біздің қазекең «әншейін зат» десе арын сататын болған ба, ол жерге 200-ге жуық халық жиналыпты. Бұл ненің құрметі деген сұрақтарға: «Бүгін католик шіркеуінің ашық есік күні» деген жауаптар алыпты.

Балмұздақ жеп рахаттанған, әлі оң-солын айыра қоймаған ойын балаларын сондай биязылықпен, құрметпен, қошеметпен католик шіркеуіне кіргізіпті.

Ол жерден олар суреттер салып, әндер айтып, дін туралы уағыздар естіп, қысқасы шіркеу жайында едәуір мағұлматтарға қанық болыпты.

https://kaz.365info.kz/meni-zhezokshe-etpek-boldy-salafitke-tigen-traktoristin-khyzy-270706

Бұл қақпанға жасырылған май емес пе? Біздің ермелі қазаққа бұл бір керемет дін болып көрінуі ғажап емес қой. Себебі, өз дінін ұстанса вахабис деген атқа ие болады. Малынып, хиджап киюіне тура келеді. Мектепке барса бітпейтін бір орамал дауы. Ұзын сақал, қысқа балақтан үрейі ұшқан кейбір орысқұл қазақтарымыз үшін ислам дінінің артында «террор» деген құбыжық жасырынған сыңайлы. Ал шетел сериялдарына сусындап тойынған қазаққа католик дінінен тынышы, содан қайырлысы жоқ болып көрінуі әбден мүмкін ғой.

Бұл уақытқа дейін тыңшының кейпін сомдаған шіркеу жан-жағына қарап халықтың мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, барлық анатомиясын түбегейлі тексеріп меңгеріп алған сияқты. Кейін, уақыты келіп, бас көтеріп, жұтпалы айдаһар құсап өз миссиясын бастап жатар ма деген ойға да қалады екенсің. Бұлардың мұндай тірліктеріне жол болсын! Бұл ойланатын жағдай. Алдын алып, кеңесіп пішкен тоннан артығы жоқ. Кімнің қалай ойлайтыны бізді қызықтырмайды. Балаларыңды өзге дінге, сектаға кіріп кетуінен сақтаныңдар, Жылой халқы!

Дереккөз: abai.kz

Бас тақырыптағы сурет иллюстрациялық сурет екенін ескертеміз.

https://kaz.365info.kz/nege-ajtpajmyn-belgili-ua-yzshy-elimizdegi-salafitterdi-aty-zh-nderin-zhajyp-saldy-video-244301

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз