Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Kaspi банктің басшысы мәлімдеме жасады

134

Видеода Михиал Ломтадзе Қазақстанда екенін, қазіргі таңда бір презентацияға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бейнежазба компанияның ресми парақшасында жарияланған.

“Бүгін 3 қараша, сенбі. Көп адамға менің қалада жоқ екенім, банкте қандай да бір қиындықтар туындағаны туралы хабарлама келіп жатыр екен. Мен кеңседемін, жұмыс істеп жатырмын. Келесі аптада бізде тамаша презентация болады, соған дайындалып жатырмыз. Барлықтарыңызға шын жүректен уақытты жақсы өткізуді тілеймін”, – дейді Ломтадзе.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде “Каспий банктің” басшылары кетіп қалған, тезірек ақшаны шешіп алыңыздар” деген хабарлама тарап, ел дүрліккен еді. Көп ұзамай банктің атқарушы директоры Маржан Елшібаева фейсбуктегі парақшасында бастығының газетпен түскен суретін жариялап, көптің қорқынышын сейілтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз