Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантинде отырған Айқын депрессияға ұшырады

1372
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Айқын Төлепберген көңіл-күйінің болмай жүргенін жазды. Басқа әртістер секілді әнші де карантин режимін сақтап, пәтерден шықпай отыруға мәжбүр. Айқынның айтуынша, олар жары екеуі күйзеліске түспеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда, оның жазбаларына қарап, өзін қоярға жер таппай жүргенін байқауға болады.

«Таңғы 8!!! Әлі ұйқтаған жоқпыз… Режим ауысты… Қазір жатсақ кешкі 5 те тұрамыз…Күнде солай🤦🏻‍♂️ Карантин басталғалы күн мен түн ауысып кетті…

Балалардың далаға шыққысы келеді. Тек олар ғана емес, біз де шаршап кеттік. Күні бойы сериал, фильмдер көріп, жаттығу жасау, ноутбук. Бұның бәрі маған қатысты. Жұлдыздың жағдайы қиынырақ: тамақ дайындайды, үй жинайды, балаларды жуындырады, бізді тамақтандырады, таудай үйілген ыдыс-аяқ, тігін тігу және т.б. Қыздарға қиындау. Шыдамдылық танытып, үйде отырыңыздар», — деп жазды Айқын.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз