Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиндік шаралардың күшейтілуі мүмкін екенін айтты.
— Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, біз халықтың сақтығы төмендеп жатқанын көріп отырмыз, бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша шаралар әрдайым сақтала бермейді, бұл басқа елдердегідей, Қазақстанда карантиндік режимнің күшеюіне және аурудың таралуына әкелуі мүмкін, — деп атап өтті Цой үкімет отырысында.
Ол әкімдерге карантин шаралар мен маска режимінің сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.