Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Как положеный етеміз ғой…” . Аудан әкімі ірі парамен ұсталды (видео)

Сөйтсек, жекеменшік кәсіпорын сәуір айында жөндеу жұмыстары бойынша 2,2 милиион теңгенің тендерін ұтқан.

“Жұмыстарды орындау барысында әкім бюджеттегі үнемделген 2,1 миллион теңгеге тағы қосымша келісімшарт жасасайық деген ұсыныс жасапты. Кәсіпкер келіскен”, – деп хабарлады Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин.
https://kaz.365info.kz/bizdiki-yrlykh-ideologiyasy-otandy-syyudi-khytajdan-yjrenu-kerek-pe-283088

Жұмыстар орындалған соң әкім уәде еткен ақшасын аударып беру үшін 200 мың теңге пара сұрапты. Қазір ол кінәсін мойындап отыр“, – дейді Нұрлан Жахин.


Сондай-ақ Агенттік тағы бір видео жариялады. Онда Жамбыл облыстық әкімдігінің Жер пайдалану мен қорғау жөніндегі басқарма жетекшісі ұсталып қалыпты. Ол жер телімін «как положеный» етіп рәсімдеп беру үшін бір шаруашылық иесінен 50 мың доллар сұраған екен.

Соның екі миллион теңгесін алып жатқан жерінде құрықталды.

https://kaz.365info.kz/almatyda-atakhty-yry-akkumulyatorshik-ystalyp-khaldy-309093

https://kaz.365info.kz/rly-t-bi-orly-gejdi-jine-rly-a-t-sken-eki-zhigit-o-baj-ryndy-234744

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз