Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Как не пьешь?..”. Димаш беларусь журналисін таң қалдырды (видео)

Қытай нарығы туралы сұраған журналист сауалына Димаш былай жауап берді:

– Қай жерде жүрсем де ең бірінші қазақ тілінде ән шырқауға тырысам. Сөйтіп өз тілімнің, ұлттық ән-әуездің қаншалықты бай, қаншалықты көркем екенін уағыздап, мақтанғым келеді.

Қытай жерінде ән салып жатқандықтан, әрине қытайша да ән салам. Қытайшам таза деп айта алмаймын, бір-екі жерінде шатасуым мүмкін. Қытай тілімен қазір де айналысудамын. Өйткені мен тыңдармандарымның тілінде ән салып, оларды қуанышқа бөлегім келеді. Сөйтіп олардың маған деген ықыласына ризашылығымды білдірем.

https://kaz.365info.kz/baskov-birtyrli-bop-khaldy-dimashty-vitebsk-ayagynan-tik-tyryp-kharsy-aldy-video-323860

 – Жұлдыздардың өмірі шулы болады, ал сіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз, шампан, қызыл шарап ішесіз бе?

– Шампан ішпеймін. Өйткені, біріншіден, ол менің дауысыма зиян. Екіншіден, мен сондай дәстүрлі отбасынанмын. Бізде барлық ата-ана баласына алкогольдік ішімдікке жоламауды уағыздайды.

Мен өмірімде түнгі клубта 2-3 рет қана болдым. Шын айтам. Енді түнде шығып, достарыммен кездесіп, көңіл-көтере аламын.

Бірақ түнгі клубта емес. Себебі менің достарымның басым бөлігі музыканттар. Көбіне үйге жиналамыз, плейстейшен ойнаймыз немесе көлік ішінде әңгімелесеміз. Шулы жер ұнамайды. Өзің әрең уақыт тапқанда достарыңмен әңгімелескің келеді ғой…

https://kaz.365info.kz/bespaev-yyalgan-shygar-slavyan-bazarynda-amire-birinshi-oryn-aldy-video-324040

– Ресейде өнер көрсету ойыңызда жоқ па?..

– Ресейде өнер көрсету туралы ой болды менде. Әрине, ол жақта да жарқырап шығып жатсам оның артықтығы болмас еді.

Бірақ қазақтар: „Алдын ала болжанған жоспарыңмен бөліспе, әйтпесе орындалмай қалады„ деп ырымдап жатады. Сондықтан Сізге бұл ретте бірнәрсе айта алмаймын. Дегенмен бұл ретте бір жоспарларымыз бар енді.

– Қазақстанда өтететін Азия дауысы деген танымал байқау неге жоғалып кетті?..

– Қазір халықаралық байқаулар маңызын жоғалтып алған секілді. Халықаралық байқау әншінің танымалдылығын арттырудағы бір баспалдақ деп те айта алмаймын. Ондай жағдай сирек кездеседі.

https://kaz.365info.kz/khalaga-kirgizbej-khojdy-roza-rymbaeva-semej-akiminen-korgen-khorlygy-zhajynda-292132

Өйткені қазіргі жастар өз талантын дәлелдеп, уақытын жоғалтқысы келмейді. Одан да оның орнына жеңіл-желпі әнге арзанға бір мықты клип түсіріп алса, сол жеткілікті.

Салдарынан тыңдармандардың да деңгейі түсіп кетіп жатыр. Бұл менің жеке ойым…

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз