Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Кәсіпкер зейнетақы қорынан аударылған 5 млрд теңгені өз қажеттілігіне жаратқан – ҚР ҰҚК

Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің берген жауабында айтылды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары БЖЗҚ мен “Бузгул Аурум” ЖШС-ның арасындағы келісімді тергеп жатқаны белгілі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алтын қазу компаниясынан жылдық сыйақы мөлшерлемесі 19 пайыз болатын құнды қағаздарды өз есебінен сатып алған. Бұл келісімге Ұлттық банк басшылығы күдікпен қараған, нәтижесінде қаржы реттеушісінің өкілдері құқық қорғау органдарына арыз түсірген. БЖЗҚ өкілдері болса бірінші кезекте зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде “Бузгул Аурум” ЖШС-ның құнды қағаздары жоқ екенін айтып, түсіндірді.

“Қолда бар мәлімет бойынша, бұл келісім “БЖЗҚ” АҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаевтың ықпалымен жасалғанға ұқсайды. Ол “БЖЗҚ” АҚ инвестициялық комитетінің жетекшісі бола отырып, қордың “Бузгул Аурум” ЖШС құнды қағаздарын сатып алуы үшін осы мәселені жылдамдатып шешу мақсатында қоластындағыларға бұйрық берген. Ал қаржы тәуекелдері басқармасының басшысы Мұса Бахтов осы келісім бойынша қосымша қорытынды толтырып, онда “Бузгул Аурум” ЖШС құнды қағаздарын сатып алуда қауіп-қатер жоқ деп көрсеткен. Өз кезегінде “Бузгул Аурум” ЖШС директоры Азат Найзағарин осы ЖШС-дан қор биржасына және “БЖЗҚ” АҚ-ға құнды қағаздарды орналастыру процесінде бірқатар жалған құжаттарға қол қойып өткізген”, – деп пікір білдірді ҚР ҰҚК өкілдері.

Ведомстводағылардың айтуынша, “БЖЗҚ” АҚ мен “Бузгул Аурум” ЖШС арасындағы осындай келісім жасау арқылы 100 пайызға мемлекеттік мекеме болып саналатын қордан 5 миллиард теңге сомасында қаражат жымқырылған.

Еске салайық, 2016 жылдың 21-желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. “БЖЗҚ” АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. “БЖЗҚ” АҚ меншікті активтерді дербес басқарады”, – деген еді банктегілер.

Ал 9-қаңтарда БЖЗҚ басшылығы қамауға алынған болатын. “Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған”, – деген еді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Кейін БЖЗҚ ісі бойынша қамауға алынғандардың тізімі жарияланған болды. Одан соң БЖЗҚ басқарма төрағасының адвокаты істің мән-жайын айтып, оларды кепіл ақшаға бостауға арыз түсіргенін айтқан. Сондай-ақ сотта өз қорғаушысының кінәсі жоқтығын дәлелдемек адвокат БЖЗҚ-дан шығарылған ақшаның ұсталмай, банк шотында тұрғанын да жайып салып еді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз