24 қарашада Өзбекстанда президент сайлауына ерте дауыс беру басталды. Бұл елде сайлау 4 желтоқсанға белгіленген.
Өзбекстан заңына сай елде мерзімінен бұрын дауыс беру сайлау белгіленген күннен он күн бұрын басталады.
Президенттікке кандидаттар тізімінде премьер-министр Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы атынан Хатамжон Кетмонов, “Миллий Тикланиш” партиясынан Сарвар Отамуратов және “Адолат” партиясынан Нариман Умаров бар.
Өзбекстанда 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Каримовтың қазасынан кейін елде президент сайлауы белгіленген.