Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кәрімовтың қас жауы түрмеден босамайтын түрі бар

Жазасын өтеушінің ұлы Сардор Қоқановтың пікірінше, сот үкімі заңсыз шығарылған, өйткені әкесінің жазасын өтеу мерзімі одан бір күн бұрын аяқталған. Шыназдағы мұнай өңдеуші зауыттың бұрынғы директоры 72 жастағы Самандар Қоқанов биыл 6 қазанда түрмеден босап шығуы тиіс болған.

Түрмеде 23 жыл және 4 ай отырған Қоқановты адам құқығын қорғаушылар саяси тұтқын деп есептейді. Бұл тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы ең ұзақ түрмеде отырған саяси тұтқын. Ол 1993 жылы 2 маусымда мемлекет мүлігін талан-таражға салды деген айыппен ұсталды. Қоқановты жақтаушылар 80-жылдары танымал саясаткер болған депутат әрі кәсіпкерді Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың жеке тапсырмасымен ұстады деп есептейді.

Самандар Қоқанов 1989 жылы қазіргі премьер-министр, президент қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиёевпен бір уақытта депутат болып сайланған.

736e70a3-f57e-4149-9786-6c663b1c0bba_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз