Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Көрген күніміз осы» . Алматыда ЦОН-да тағы бір адам қайтыс болды

Бұл туралы куәгерлер хабарлаған. Қайғылы оқиға бүгін таңертең орын алды. Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған ер адам аяқ-асты өзін нашар сезініп, жерге құлаған. Дәрігерлер келемін дегенше ол бақилық болып кеткен.

Ресми дерек көздер бұл мәліметті нақтыламады. Болған жайдың мәнісі қазір анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, алдында Алматы облысы Іле ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында 59 жастағы мүгедек адамның да денсаулығы нашарлап, сол арада көз жұмған. Марқұмның қызының айтуынша, әкесі мүгедек адам болған, соған қарамастан ол кісіні кезекте күттіріп қойған. 3 сағат сол арада болған ер адам өзін жайсыз сезіне бастаған, жедел жәрдем көлігі де тез келе қоймаған.  Туған-туыстары марқұмды туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауылына жерлеуге алып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз