Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кәмшат Жолдыбаева: Сүйіктім жоқ, сериалдарда сүйісе беремін (видео)

224

Ал тілшінің осы эпизодты түсірілім кезінде қайта-қайта қайталата берген кез болды ма деген сауалына да Кәмшат іркілмей жауап берді.

„Қайта-қайта сүйісуді сұраған кездер болды. Бірақ бұл біздің емес, техниктердің қателігіне байланысты болды. Жарықты дұрыс қоймайды, тағысын тағы дегендей. Жалпы, маскималды сүйіскен кезім 3 рет болды.

Менің сүйіктім жоқ. Сондықтан барлығын өзім шешімін. Былай ғой, мен өзімнің жұмысыма үлкен жауапкершілікпен қараймын. Менің кинодағы сүйісулерім орынсыз емес. Кейіпкердің махаббатын, сезімін білдіру керек болған жағдайда болады. Жалпы сүйіскен жақсы ғой, сондықтан бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер”, – деді әнші.

Еске сала кетелік, отандық телеарналардан таяуда көрсетілген „Өгей жүрек„ қазақ сериалында еркектердің есін тандырар сұлу бикештің рөлін орындаған Кәмшат Жолдыбаева бірталай көрерменнің сынына ұшыраған еді. Мысалы, белгілі блогер Айгүл Орынбек ол туралы былай жазған болатын:

– Кешелі бері Ютубтан «Өгей жүрек» деген сериал көріп жүрмін. Сериалдың идеясы жақсы, бірақ анау басты рөлде ойнаған Кәмшат Жолдыбаева бір сериалда екі еркекпен ернін жұлып алардай сүйсіп отыр. Оның алдында «Трактористің махаббаты» атты сериалға түскен кезде де солай сүйіскен еді. Жалпы айтпағым, қазақ қыздарының ерніне кеседен артық дүние тимеу керек сияқты еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз