Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Көмектесіңіздерші…» . Әйгілі спортшы Алматыда “бомж” боп жүр

Алматының қақ ортасын мекен еткен Максим Цыганков кішкентай кезінен осы маңда тұрып, аулаларын жақсы біледі екен. Сондықтан далада қалған ол туған мекенінен алыстағысы келмей осындағы аулаларда түнеп жүр. Ол күніне екі рет жаттығу жасап, жарыстарға қатысқан кезін сағына еске алады.
Ол өзі жеткен дәреже мен бақ мәңгілік секілді көрінгенін айтады.

Максим Цыганков:

– Мен КСРО-ның екі дүркін чемпионымын. 1981 жылы Әлем біріншілігіне қатыстым. Кейін циркте акробат болып жұмыс істедім. Спортпен 17 жыл бұрын қоштасқан едім. Ол кезде жантүршігерлік жол апатынан анам қаза тапты. Содан бастап іше бастадым. Ана бесінші қабатта пәтерім болған. Жасым 17-де еді. Болгарияда «Динамиаданы» ұттым. Сол кезде осы пәтерді берді. 1979-2004 жылдар аралығында осы пәтерде тұрдым. Бір күні кіші қарындасым тіркеуге алуын өтінді. Кейіннен ішіп кетіп, үйіме оралғанда көршілерден пәтердің сатылып кеткенін білдім. Сотқа шағымдансам пәтерімді қайтара алатын едім. Бірақ мен өйтпедім, қарындасыммен қырқысып, соттасып жүргім келмеді. Тағы да іштім…

Максим Цыганков қайырымды жандардан көмек сұрайды. Ішкілікке салынғаны үшін ұялып, егер көмектесетін тірі жан болса, оны ұятқа қалдырмаймын, спортшының сөзін беремін деп уәде етіп отыр. Ол құжаттарын жөндеп, тұратын тұрақты мекенім болса, тіпті жаттықтырушы жұмысына алса, бақыттан басым айналар еді деп қояды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз