Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Күлікбаевтың соты: Қара жамылған ана лаңкестің әйелінің бетіне түкіріп жіберді

Сотталушы сабырлы көрінеді. Ол тіпті өзін түсіріп жатқан операторларға қарап күлді. Айта кетейік, журналистерге суретке және видеоға түсіруге рұқсат берілді. Сотталушы ретінде Күлікбаевпен қатар оның бес сыбайласы отыр. Қазіргі уақытта алдын ала сот тыңдауы өтіп жатыр.

Процеске қаза болғандардың туыстары келді.

Олар Күлікбаевтың тәртібіне наразылық білдіріп отыр. Олардың пікірінше, сотталушы сұраққа нақты жауап бермей, судьяға жауап берген кезінде тұрмай қойған.

Күлікбаевты бір мемлекеттік адвокат қорғап отыр. Соттағылардың айтуынша, адвокаттардың ешқайсысы өз қалауымен оның мүддесін қорғауға келіспеген.

Ал қаза тапқандардың туыстары атқышты өлім жазасына кесуді талап етіп отыр.

Айта кетейік, бүгін сотта тағы бір дау болды. Қаза болған полицей Мейрамбек Рахматуллаевтың анасы сотталушы Күлікбаевтың әйелінің бетіне түкірді.

Фото: Tengrinews.kz сайтынан алынды

Басты сот отырысы 24 қазанға белгіленді. Отырыс күн сайын өтеді.

Ал осыған дейін Руслан Күлікбаевтың бұрындары кикбоксингпен айналысқаны және жетістіктері үшін осы спорт түрінен сан мәрте марапат пен құттықтауларға ие болғаны белгілі болған еді. Есімін жарияламауды өтінген адам, кикбоксингпен шұғылданған Күлікбаевтың “Спорт шеберлігіне кандидат” деген атағы да бар екенін айтты.

Ал бүгін, 17-қазанда Алматыдағы теракт бойынша алдын ала сот отырысы басталғаны хабарланды. Сотты тергеу изоляторының ғимаратында өткізу туралы шешімді соттағылар Руслан Күлікбаевтың өте ашулы әрі қоғамға қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сотталушы қашып кете ме деп қорқып отыр екен.  Өйткені ол тергеу кезінде қолы кіснедеулі болғанына қарамастан үстелді төңкеріп, тергеушіге лақтырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз