Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үстелді төңкеріп тастады. Атышулы лаңкес Күлікбаев тергеуде бүлік шығарды

Процесс тергеу изоляторының ғимаратында ашық тәртіпте өтеді. Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың 8 қызметкерінің, сонымен қатар 2 бейбіт тұрғынның өмірін қиған террористік акт жасады деп айыпталып жатыр. Сондай-ақ, оған 3 адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр.

Мұндай шешімді соттағылар Руслан Күлікбаевтың өте ашулы әрі қоғамға қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары сотталушы қашып кете ме деп қорқып отыр екен.

– Ол камерада кісенмен отырады. Ол өте қауіпті, сондықтан сот процесін тергеу изоляторының ғимаратында өткізуді дұрыс деп таптық, себебі қалалық соттың ғимаратына тасымалданатын болса, ол қарсылық көрсетуі және қашып кетуге әрекет жасауы мүмкін.

Күлікбаевтың физикалық дайындығы бар, ол кісендеулі тұрса да, жауап алынып жатқан сәтте үстелді төңкеріп, тергеушіге лақтыруға дәті жетті”, – деді соттың өкілдері.

Процесс толықтай ашық өтіп жатыр. Сонымен қатар, Күлікбаевпен қатар оның бес сыбайласы сотталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз