Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Көктемде еліміздің солтүстігін су басады». Мамандар дабыл қақты

Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Асхат Бәкішевтің айтуынша, 2016 жылғы және бұның алдындағы жағдайлар жіті зерттелді.

Нәтижесінде облыстағы 95 елді-мекенді топан су басуы ықтимал деген болжам жасалды. Онда 1,5 мыңнан астам үй мен 4,7 мың халық тұрып жатыр. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 50 шақырым болатын 153 автомобиль және теміржол учаскесі қауіп үстінде. Сондай-ақ Петропавлдың шетіндегі бірқатар аудандарды су басуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта облыстағы су тасқындарын алдын алуға бағытталған шұғыл шараларға арналған қаражат көлемі 226 млн теңгені құрайды», – дейді Асхат Бәкішев.

Өңірде 70 елді-мекенді қорғау бойынша инженерлік шаралар аяқталды, жол-көлік инфрақұрылымдары мен гидротехникалық құрылғылар салынды. Бекітілген жоспар бойынша, су тасқынынан зардап шегуі ықтимал елді-мекен тұрғындарын эвакуациялау көзделген.

Айта кетейік, былтыр 30 жылда ең ірі су тасқыны орын алған болатын. Облыста 400-ден астам үй мен 35 елді-мекен судың астында қалды. Тасқын судың зардаптарын жою үшін ҚР Үкіметінің қорынан 1,3 млрд теңге бөлінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз