Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көкшетаулық Елизавета Бибрих мемлекеттік тіл байқауында І-орын алды

133

Байқауға Атбасар, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары мен Степногор және Көкшетау қалаларынан келген 13-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте түсу, тіл мәдениетін көтеру, тіл саясатының пәрменділігін арттыру, оқушылар арасында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған байқау қорытындысына сай, өзгелерден оза шауып, қарсыластарының арасынан суырылып шыққан көкшетаулық Елизавета Бибрих І-орын алса, зеренділік Виктория Клепцова ІІ-орынды еншіледі, сондай-ақ бурабайлық Тамара Погосян мен шортандылық Даяна Потапова жүлделі ІІІ-орыннан көрінді.

Елизавета кішкентай кезінен қазақ тілін емін-еркін игерген екен.

Байқауға қатысушылардың барлығы арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз