Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

ҰҚК Ермек Нарымбаевтың қалай шекара асып кеткенін білмейді

“Азамат Нарымбаев Ермек Ерсайынұлының Қазақстан Республикасы шекарасының өткізу бекеттерінен өту фактісі тіркелмеген. ҰҚК Шекара қызметі бұдан өзге ешқандай ақпаратпен бөлісе алмайды”, – дейді ҚР ҰҚК ШҚ бас штабы басшысының міндетін атқарушы Олег Колесников тілшілерге берген сұхбатында.

Ал, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов болса орын алған жайтқа байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартуда.

Украина астанасы Киевте жүрген Нарымбаевтың өзі болса мемлекеттік орган қызметкерлерінің “босаңсуының” арқасында шекарадан қиналмай өтіп кеткенін мәлімдеді.

“Бізді шекарашылар байқап қойды, атып тастайды ма деген қауіп болған. Бірақ, құдайға шүкір, біз тікенді сымның астынан өтіп, шекара астық. Бірінші рейспен ұшып кеттік, 4-5 күн шамасында Киевке де жеттік”, – деді Ермек Нарымбаев.

Айта кетейік, биыл жыл басында Алмалы аудандық соты Нарымбаевты ұлттық араздықты тудырды деп айыптап, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. 30 наурызда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы істі қайта қарап, оның жазасын бостандығын шектеумен алмастырды. Ол құзырлы органдардың рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайын тастап кетпеуі тиіс еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз