Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Әйтімова: шетел мұражайларында сақтаулы тұрған Қазақстан тарихына қатысты заттар әлі көп

Бұл туралы бүгін сенатор Бірғаным Әйтімова мәлім етті деп Sputniknews.kz. Сенатор атап өткендей, шетелдік музейлерде сақтаулы тұрған Қазақстан тарихына қатысты заттар әлі көп.

“Біздің тарихымызға қатыстының бәрі, қай ғасырға тиесілі болмасын бүкіл тарихи артефакттар, оның ішінде бабамыздың бас сүйегі Қазақстанға қайтарылуы тиіс деп санаймыз”, — дейді Әйтімова

Кейкі батырдың бас сүйегін Қазақстанға жеткізу мәселесін тамыз айында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесу барысында көтерген болатын. Ресей премьер-министрі бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді.

Кейкі батыр – 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс көшбасшыларының бірі. Қазан төңкерісін ешқашан мойындамаған батырды 1923 жылы Қызыл әскер жауынгерлері өлтірген. Содан кейін бас сүйегі Кунсткамераға жөнелтілген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз