Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әйел адам ерлердің түрмесіне қамалуы мүмкін

“Бұл жағдай барлық құқық қорғау органдарын, сот және қылмыстық-атқару жүйесіндегілердің аяғынан тік тұрғызады. Егер де 26 жастағы Хасан айыпты деп танылып, бас бостандығынан айырылатын болса, заңгерлерге оны қай түрмеге жабу керектігі жайлы ойлану керек болады, яғни не әйелдерге арналған, не ерлерге арналған түрмеге жабу туралы шешім қабылдануы тиіс. Бір жағынан алып қараса, ресми түрде ол ер адам болып саналады, ал түріне қарасаң, кәдімгі әйел. Даусы да, жыныс мүшелері де әйелдікі. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні қай жынысқа жатқызатындарын анықтай алмай отыр. Себебі Қазақстанда осыған дейін мұндай жағдай болған емес”, – деп жазады басылым.

Сондай-ақ, жарияланған материалда өздерінің жыныстарын ауыстырған екі ер адамның қалай танысқаны жайлы айтылады.

“36 жастағы Михаил есімді (ол кезде оның есімі Азалия болды) бірнеше жыл бұрын жынысын ауыстыру үшін ота жасатқан. Ал 26 жастағы Хасан ол кезде енді ота жасатайын деп жоспарлаған. Содан бірнеше ай бұрын Хасан да ота жасатып, ер адамнан әйелге ауысады. Есімін де өзгертіп алады. Ота жасатқан соң Хасанның есімі Кристина деп өзгертіледі”, – деп жазады басылымдағылар.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД осы істі тергеп жатыр. Жынысын ауыстырған әйелге қатысты “аса ірі көлемде бопсалау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

photo_94741

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз