Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Әй, жарайсың! 2016 жылғы Қазақстан Аруы 2,5 миллион теңгені балалар үйіне береді

112

Айта кетейік, бойжеткен Қызылорда Медициналық колледжінде оқиды. Сурет салуды ұнатады. Кәсіби түрде визажбен айналысады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Гүлбану Әзімханова «Қазақстан Аруы-2016» байқауының жеңімпазы атанды. Ол Қазақстан елін “Әлем Аруы 2017” халықаралық байқауында танытады.

Бірінші вице-мисс  атағына Астана қаласынан Елназ Нұрсейітова ие болса, екінші вице-мисс болып, Көкшетаулық  Жанар Найманбаева танылды. Ал үшінші вице-мисс атығына Өскеменнен Анастасия Усольцева ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау финалының билетінен түскен қаржы Астанадағы жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде беріледі.

Байқау барысында күтпеген жағдайлар да болды. Екі қатысушы бойжеткенге тұрмысқа шығу ұсынысы жасалды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2015 жылғы еліміздің дарынды және ең таңдаулы сұлу атағына ақтаулық Әлия Мергенбаева ие болған еді. Ол жеңісіне алған қаржысының бестен бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтынын айтып, ағынан жарылған болатын. Жүлде қорының бір миллион теңгесі Астана, Алматы, Ақтау қалаларындағы балалар үйіне жөнелтіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз