Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Израиль премьері: Иранда “құпия ядролық қойма” бар

 

Нетаньяхудың сөзінше, “құпия қоймада” тонналаған ядролық материалдар мен құрал-жабдық бар. Израиль премьері халықаралық бақылаушыларды осыған тексеру жүргізуге шақырды. Ол Еуропа елдері Иранға қарсы санкция салған АҚШ-ты қолдауы тиіс екенін айтты.

Бұның алдында БҰҰ-да сөйлеген АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон осы жылдың соңында Иранға жаңа санкциялар салатынын ескертті. АҚШ пен Израиль Тегеран 2015 жылы әлемдік державалармен жасасқан “ядролық келісімді” атом бомбасын жасауға ресурс жинауға пайдаланды деп біледі. Мамыр айында Вашингтон келісімнен шығып, Иранға қарсы санкция салатынын жариялаған және одақтастарын Ираннан мұнай сатып алмауды талап еткен.

26 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын бұзған елдерге “салдары ауыр болатынын” ескертті. Бұдан бұрын Еуропа Одағы АҚШ санкциясын айналып өту үшін Иранмен есеп айырысатын арнайы қаржы институтын құратыны хабарланған. Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей мен Қытай Тегеранның “ядролық келісім” шарттарын орындап отырғанын растаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз