СҚО полицейлері жыл басынан бері жоғалып кеткен 8 адамды тапты. Солардың бірі Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Шытырман оқиғаларды жаны сүйетіндер көбінесе туыстарына хабар беруді ұмытады немесе олардың хабарын жауапсыз қалдырады. Сондайлардың бірі, әпкесінің баласын қарауға қалған әйел баланы алып, ештеңе ескертпестен құрбыларымен қыдыруға кетіп қалған. Полицейлер оларды тауып, екі жасар баланы анасына қайтарды. Екіншісі, жоғалған Петропавл тұрғыны Түркиядан табылды. Қыз туыстарына ескертпестен, шетелге демалуға кетіп қалған. Оның жоғалғаны туралы полицейлерге қыздың туыстары өтініш жазды», – дейді облыстық баспасөз қызметі өкілі.