Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
22
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Италиялық инвесторлар Қазақстанда ет зауытын салады

Зауытқа 15 млрд теңге мөлшерінде инвестиция тартылып отыр және ол 2020 жылы іске қосылып, өнімінің 50% экспортталмақ. Яғни ішкі сұранысты қамтып қана қоймай Орталық Азия елдері мен Ресей, Қытай нарығына шығады.

Жобалық күші жылына 180 мың ірі қара малын қабылдай алады. Сонымен қатар 280 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

«Бұл – Kazakh Invest-ті іске асыру үшін «жол картасымен» рәсімделген республикалық жоба. Зауыт құрылысы үшін 60 гектар жер телімі сатып алынды. Қазір құрылыс жоспары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сиыр етін өңдеудегі субсидиялау мәселесі де шешілді. Жобаны жүзеге асыру үшін екі компания белгіленді. Бұл Inalca Eurasia Kazakhstan LLP – оператор (70% – Inalca Eurasia Holding, 30% – Cascade International Holding) және Inalca Kazakh Beef Almaty LLP – активті иеленуші (70% – Cascade International Holding, 30% – Inalca Eurasia Holding). Компания инженерлері техникалық жобасын әзірлеуде. Сонымен қатар мердігерлерді анықтау жүргізілуде», – деді басқармадағылар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз