Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Істі қадағаламаған!”. Атбасар прокуроры неліктен қызметінен қуылғаны белгілі болды

Бұған дейін ықпалды бизнесменнің ұлы Заур Дзейтов Атбасарда әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткенін жазғанбыз. Жол апатының видеосы желіде жарияланып, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырды.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алған. Сөйтіп, оған қатысты екі қылмыстық іс қозғалған болатын, алайда Атбасар ауданы прокурорының қаулысымен Дзейтов уақытша ұстау абақтысынан босатылды.

Бас прокуратура Ахашевке қатысты қызметтік тергеу жүргізді.

Негізінде Атбасар аудандық соты Дзейтовты екі айға қамауға алған еді. Сонымен бірге, Ақмола облыстық соты адвокаттардың шағымына байланысты Дзейтовті үй қамақтан босатты.

Бұған дейін прокурордың қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатын, алайда ол кезде себебі белгісіз болды.

Ақмола облысының прокуратурасы хабарлағандай, Қазақстанның Бас прокуратурасы Атбасар ауданының прокуроры К. Ахашевке қатысты қызметтік тексерісті аяқтады.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде, аудан прокуроры адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істің тергелуін лайықты дәрежеде қадағаламағаны үшін қызметінен босатылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз