Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Іскер әкім еді. Ақсай халқы істі болған әкімді жақтап, Бас прокуратуға хат жазды

Бұрлы аудандық мәслихатының депутаты, Ақсай қаласы №3 орта мектебінің директоры Надежда Шығанақованы қазақстандық телеарналардың бірінде көрсетілген сюжетте әкімшілік жауапкершілікке тартылған Тржанованы “қылмыскер” деп атауы ашуландырған.

“Әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандарын ауылдық мектептің қазандығымен жылыту сыбайлас жемқорлыққа жата ма? Осы уақытқа дейін ауылдағы мектептің жалғыз қазандығы барлық нысандарды жылытуға пайдаланылып келеді. Жылытуға жұмсалған қаражат аудандық білім беру бөлімінің бюджетіне аударылып, мектептерде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалған. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары құр заң соғып, “заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан дейді”, негізінде мұның ұйым атынан жүргізіліп отырғандығын ешкім түсіндірмейді.

“Заңсыз кіріс” – деп отырғаны аудандық білім беру бөлімі бюджетіне ресми түрде түскен, қазыналық органдарда тіркеліп, мектептердің қажетіне жұмсалған”, — делінген хатта.

Бұдан бөлек, хатта шенеунікке әкімшілік айыппұл 2015 жылы наурыз айында салынып, биыл наурыз айында алынып тасталғаны айтылған. Ал, Ақсай әкімі 2016 жылы қыркүйекте сайланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз