Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мұратбаев ауылында белгісіз біреулер құрылыс дүкенінің есігін өртеп кетті. Келтірілген шығын көлемі – 52 мың теңге.
Полиция қызметкерлері Асық-ата ауылының 30 жастағы тұрғынын осы өртке байланысты күдікті ретінде тұтқындады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты шүғыл түрде арнайы штаб құрды. Оқиға орнына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов та жеткен.
Полицияның құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу мақсатында жүргізген рейдтік шаралары барысында Мақтарал ауданының бір қатар тұрғындары аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, ұсталғандардан таяқтар мен бензин құйылған ыдыс тәркіленген. Қазір олардың құқықбұзушылық әрекеттерге қатыстылығы анықталуда.