Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы атысқа қатысты түсініктеме берді 

Қылмыскердің ізіне түскен “Боран” патруль экипажының екі қызметкері  қаскүнемдерді қудалау кезінде жарақат алды.

Кейіннен күдіктінің жүрген жері анықталып, ол полициямен болған атыс кезінде жарақат алды. Полицейлер қаскүнемді “Қазақконцерт” АҚ маңында құрықтады.

Қылмыскерді ұстау барысында 2 полиция қызметкері жарақаттанған.

Өкінішке қарай, бұдан бұрын қылмыскер жолдағы жеңіл көлікті тартып алмақ болып, оның иесіне оқ атқан. Соның салдарынан  жеңіл көліктің  жазықсыз жүргізушісі қайтыс болды. Сонымен қатар, ауыр жарақат алған үш полиция қызметкері көз жұмды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, қолға түскен 27 жасар азамат  Қызылорда облысының тұрғыны. Бұрын сотты болған. Бұған қоса, ол өткен демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп айыпталуда.

Қазір Алматы қаласында “Дабыл” жедел жоспары енгізілген. Барлық полиция қызметкерлері қылмыскердің сыбайласын іздестіру үстінде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз