Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ішкі істер министрі “Синий китке” қатысты ғаламторды тексеріп жатқандарын айтты

Бірақ бір қиындықтың барын айтқан министр, оның Қазақстан аумағынан тысқары орналасқан әлеуметтік желілерде емін-еркін тексеру жүргізе алмайтынын да баса айтты. Мәселен, “Вконтакте” Ресейге, Facebook пен Instargam АҚШ-қа тиесілі.

“Бұл жерде бір шешім бар: қазақстандық қолданушылардың барлық дерегін Қазақстан аумағында ұстауға немесе Қазақстанда қазақстандық провайдерлер арқылы жұмыс істеуге заң жүзінде міндеттеуіміз керек. Әйтпесе, қазір әрбір дерек бойынша прокуратура арқылы сұрату жіберіледі. Сұрату жеткенше… заңнама әртүрлі болғандықтан, осы сұратуларды орындау ұзақ уақытты алады”, — деді Қасымов Мәжілістегі үкімет сағатында.

“Әлеуметтік желідегі қатерлі топтардың балалар психикасына ықпал ететіндігі де түсінікті, себебі бұл ойындар оларды қызықтырады. 50 күн беріліп, бала әр күні бір тапсырма орындауы тиіс. Мәселен, 18-күні таңғы 4.20-да оян, ең биік ғимараттың төбесіне шығып тұр дейді. 19-күні ең үлкен көпірге бар. 21-күні ең үлкен кранға бар. 28-күні кит екеніңді айтып, ант бер дейді. Содан соң 39-49 күндер аралығында сағат 4.20-да оянып, қорқынышты фильмдер көруді ұсынады. Ал, 50-күні өз-өзіне қол жұмса, асылып қал немесе биіктен секіріп кет деп жазады”, — дейді министр.

Бұған дейін Алматы тұрғынының балаларды өлімге итермелеген “Синий кит” тобының жетекшісін ұстап бергені туралы жариялаған едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз