Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Ірі дүкендерді жабу карантинге қалай кері әсер етті — сарапшылар

200
Ашық көздерден алынған сурет

— Біздің адамдардың қамсыздығы сонша, олар тіпті вирус жұқтырудың қауіптілігін өз деңгейінде бағаламай отыр.

Өзің ғана ауырып қоймайсың, басқаларға да жұқтырасың емес пе

Бірақ бұл туралы ойланып жатқандар шамалы, — дейді Қаражанов.

Биліктің осындай шектеу шарасы арқылы бұрынғы «үлкен карантинді» алмастырғысы келгені  түсінікті. Бұдан келген шығын көлемі аз болған жоқ.

— Барлығын тағы бір-екі айға жабатын болсақ, экономика мен адамдарға үлкен соққы жасаймыз

Сондықтан қандай да бір жолмен вирустың таралуын тоқтатуға тырысты, — деп есептейді сарапшы.

Коронавирусқа тест өткізетін дәрігерлер қандай жағдайда өмір сүріп, жұмыс істейді

Алайда, Қаражанов халық қауіпсіздік талаптарын ұстанып үйренбейінше барлық шаралар сәтсіз болады дейді. Кем дегенде қорғаныс маскаларын киіп, тиісті қашықтықты сақтау керек.

— Адамдар өз денсаулығын өздері қадағаласа тиімдірек болады. Дүкендерді де жабуға тура келмейтін еді, — дейді сарапшы. — Біздің азаматтар өз денсаулығына бейқам қарайды. Көшеде жүргендердің маска тақпағанын, тіпті өздерімен бірге алып жүрмейтінін көруге болады.

Санитарлық нормалардың сақталмауына көзді жұмып қарауға болмайды

Айтпақшы, ірі дүкендерде қорғаныс құралдарын қолдануға мәжбүр етеді. Ал шағын (керекті азық-түлікті уақытында сатып алуға үлгермеген адамдар жұма күні кешкісін барған) дүкендерде әрдайым мұндай талап қойылмайды.

—Санитарлық нормаларды сақтамағандарға билік міндетті түрде қандай да бір шара қолдануы керек

Егер көзді жауып, барлығын өз бетінге жіберетін болсақ, адамдар ары қарай та вирусты таратып, жұқтыруды жалғастырады.  Жеке қауіпсіздік нормаларын сақтау-жалғыз әдіс, басқаша болуы мүмкін емес. Тіпті қарсы иммунитет те қалыптаспайды, — деді Қаражанов.

Екінші карантиннің шектеу шараларын жан-жақты ойластырған жөн — экономист қателіктерді қайталамауға шақырды

Сонымен қатар, кейбір «үйдің жанындағы дүкендерде» баға күрт көтерілді. Экономист Ерлан Ибрагим бұған таңғалудың қажеті жоқ дейді.

Субъективті және объективті факторлар іске қосылды

— Біріншіден, таза нарықтық жайт. Жеке дүкеннің иесінің өнімді тұтыну көлемнің өскенін байқады, тиісінше бағаны көтеруге мүмкіндік туындады. Базарларды жапқанда не болғанын өз көзіммен көрдім. Сатушы жаңа баға бір атағанда, сатып алушы басқа жерге жүгіріп барып, тиімді бағамен сатып алып үлгерем бе, әлде мүлдем тауарсыз қаламын ба деп ойлайды, — дейді Ибрагим.

Баға көтерілді

Экономист карантин кезінде қорғау маскаларынан бастап имбирге дейінгі түрлі тауарлардың бағасы айтарлықтай өскенін еске түсірді. Олардың көбінің бағасын «карантинге дейінгі» кезеңдегі деңгейге түсіре алмады.

Экономист айтуынша,

объективті фактор да бар — өнім берушілер де бағаны көтереді

— Мен қазір кафелер желісін жүргіземін және жүйелік жеткізуден бастап барлық тауардың қымбаттығын көріп отырмын. Мысалы, тауық өнімдерінің бәрі 20%-ға қымбаттады, — деді ол.

Жалпы,  баға белгілеудің барлық кезеңінде баға қымбаттауда.

Экономикалық тиімділік қандай болатыны туралы айтуға ерте деп есептейді сарапшы. Әзірге барлық статистикалық деректер шықпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз